Қоғам

“Халық қатысатын бюджет” деген не

Халық қатысатын бюджет. Жуырда мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының платформасында осындай атаумен қызмет пайда болды. Оған тұрғындар елді мекенді дамыту турасындағы өз ұсыныстарын жібере алады. Яғни, жоба тұрғындарды жергілікті жердегі мәселе төңірегінде біріктіреді. Қатысушылардың ұсынысы халықтың дауысы арқылы таңдалады. Тек алдымен ол адам “ХҚБ” қызметіне қосылуы қажет. Тұрғындар аумақты көгалдандыру, қоғамдық орындарға орындық орнату және жөндеу, балалар ойын алаңдарын жарықтандыру секілді ұсыныс білдіре алады. Әкімдіктер жобалық ұсыныстардың қабылданғандығы туралы ресми интернет-ресурста және БАҚ-та жариялайды. “ХҚБ” қызметі eGov Mobile мобильді қосымшасында да бар.

 

Гүлден Сембаева