Спорт

Жас хоккейшілер сынға түсті

Бүгін жергілікті “Құлагер” хоккей клубының жастары оралдық “Ястребы” командасымен кездесті. Тартысты ойынның басында жерлестеріміз осалдық танытты. Қарсылас ұжымның өкілі 2-ші минутта-ақ шайбаны қақпаға дарытты. Артынша есепті еселеді. Қонақтардың айы оңынан туды десек болады.

Жанкүйер жеңістен үмітті. Олар еңселері түскен жас құлагерліктерге барынша қолдау көрсетті. 3 ұпай олжаласақ деген үміт сәулесі әлі де өше қоймапты.

– Өкінішке қарай, жергілікті команда алғашқы периодта жеңіліп қалды. Екіншісінде тең есеп тіркелді. Енді соңғы кезең қалды. Біздің жігіттер үмітті ақтауы тиіс. Әлі уақыт бар.

Бірақ, үміт ақталмады. Жерлестеріміз ойсырай жеңілді. Айта кетейік, бұл ойын Қазақстан жастар хоккей лигасы аясында өтті. Чемпионат қыркүйек айында басталған болатын. Дәл қазір «Құлагер» турнирлік кестенің 8-ші сатысында тұр.

 

Ақжүніс Мұқатай