Құқық қорғау органдары

Тәртіп сақшылары оқушылармен кездесті

Тәртіп сақшылары Қызылжар және Мамлют аудандарының жоғары сынып оқушыларымен кездесті. Жүздесуде Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Сәуле Андағұлова құқық қорғау органдары қатарында қызмет етудің артықшылықтарына кеңінен тоқталды.

– На сегодняшний день возраст пенсионный для женщин 58 лет. Для мужчин – 63. Являясь сотрудником полиции, вы имеете право уйти на пенсию в 48, 50, 55 лет. Есть у нас ещё отдельные территориальные подразделения, где стаж работы идёт год за полтора. Там возможность есть уйти на пенсию ещё раньше.

Жедел уәкілдер мен тергеушілер, учаскелік инспекторлар мен патрульдік полиция батальонының қызметкерлері. Бұлардың әрқайсысынан
білімді және алға қойған мақсаты бар жастар үшін әрқашан бос орындар табылады.

– Кто обучается в наших ведомственных вузах, обучается за счёт государства, в последующем гарантировано обязательное трудоустройство.

Екі ауданда да Сәуле Андағұлова бірқатар қызметкерді, сондай-ақ қызметінде жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген полиция өкілдерінің аналарын алғыс хаттармен марапаттады. Қоян-қолтық ұрыс дағдыларын көрсеткен жылдам қимылдайтын арнайы жасақ жауынгерлері кездесудің көркін қыздырды. Бұл – ең жоғары ақы төленетін бөлімшелердің бірі.

– Хочу, Сауле Тыныштыковна, вас и вашу команду, искренне поблагодарить за такую организацию мероприятий, хороший концерт поставили, посмотрели ваших ребят, СОБРов… Всем понравилось? – Аплодисменты.

Кездесу патриоттық әндерді орындаумен аяқталды. Сахнада полиция департаментіне қарасты мәдениет орталығының вокалдық тобы өнер көрсетті.

 

Байболат Құлтанов