Құқық қорғау органдары

СҚО полицейлері Ресейде іздеуде жүрген 12 қылмыскерді ұстады

Арадағы әріптестік өз жемісін беруде! Биыл өңір полицейлері Ресейдің шекаралас екі облысында іздеуде жүрген 12 қылмыскерді ұстап берді. Аққайыңдар өлкесі көрші елдің Түмен, Қорған және Омбы сынды аймақтарымен шекаралас. Соңғысы бойынша заң бұзған 9 тұлға анықталған. Олардың ішінде алаяқтық жасаған адам бар. Қылмыстық қудалаудан теріскейде жасырын 62 жастағы ресейлік күзде қолға түсті. Ол іздеу жариялаған органға тапсыру үшін қамауға алыныпты. Ал наурыз айында Қызылжар ауданындағы ауылдардың бірінде тұратын қазақстандық құрықталды. Ер адам 2019 жылы Омбы қаласында кәмелетке толмаған ұлына ауыр дене жарақатын салған көрінеді. Жасаған қылмысы үшін ағымдағы жылдың шілдесінде 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Қос тарап осы және өзге де бағыттағы бірлескен жұмысты әрмен қарай жалғастырмақ ниетте.

 

Байболат Құлтанов