Облыс орталығында Жамбыл көшесіндегі аялдаманың шынысын сындырған 14 жастағы жасөспірімнің анасына айыппұл салынды. Тәртіпсіз бала құқық бұзушылыққа түн ортасында барған. Ол досымен келіспей қалған көрінеді. Артынша ашуын автобус күту орнынан алған. Осы үшін анасы 12 075 теңге көлемінде айыппұл төледі. Ал материалдық жауапкершілік мәселесі азаматтық-құқықтық қатынастар тәртібінде шешілетін болады. Сонымен қатар, түнгі уақытта баласы үйден тыс жерде жүрген анаға ескерту де жасалды. Жалпы, ағымдағы жылдың 11 айында кәмелетке толмаған петропавлдықтар 30-дан аса бұзақылыққа барған.
Байболат Құлтанов