Аптадағы маңызды жаңалықтар

СҚО-да жылу желілерін жаңартудың жол картасы әзірленді

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов «Петропавл жылу желілері» серіктестігіне барды. Мұнда мамандар жылыту маусымының өтуі және желілердің тозуын азайту бойынша жүргізіліп жатқан кешенді жұмыстар туралы айтты. Биыл Петропавлда 8,3 км жылу желісі және 51 стансада сорғы қондырғылары жөнделді. 3,8 шақырымға жылу оқшаулау жұмыстары жүргізілді. 2 жылу магистралінің құрылысы жүргізілуде. Жобаның арқасында облыс орталығының солтүстік бөлігін жылумен қамту жақсара түспек. Сондай-ақ, №2 жылу магистралі құрылысының жобасы әзірленуде. Жалпы, «Петропавл жылу желілері» кәсіпорнымен бірлесіп, жылыту жүйесін жаңарту бойынша 2024-2029 жылдарға арналған жол картасы әзірленді. Бұл желілердің тозуын азайтуға мүмкіндік береді.

 

Гүлден Сембаева