Қоғам

СҚО-да қырғызстандық жүргізушілерге көмек көрсетілді

СҚО-да Ресей Федерациясына жол тартқан қырғызстандық жүргізушілерге көмек көрсетілді. Олар мінген көлік дизель отынының қатуына байланысты Астана-Петропавл тас жолының Қызылжар ауданы Чапаево ауылы тұсында тоқтап қалған. Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері мен жергілікті атқарушы органдардың мамандары оқиға орнына дер кезінде жетті. Көрші елдің азаматтары Чапаево елдімекеніне жеткізілді. Келесі күні темір тұлпар қыздырудың арқасында іске қосылды. Қырғызстандық азаматтар қиын сәтте көмектескен жандарға алғыс білдіріп, қайтадан жолға шықты.

 

Мәдина Қаби