Өңірде демалыс күндері 20-дан астам өрт оқиғасы тіркелді. Басым бөлігі – жеке үйлердің отқа орануы. Мамандар мұны пешпен байланыстырып отыр. Сонымен қатар, Гашек көшесіндегі көпқабатты үйде де тілсіз жау бас көтерді. Мұнда сөндірілмеген темекі тұқылынан 5-ші қабаттағы
балкон жанған.
ОЛЖАС ЖҮНІС, СҚО ТЖД КҚЖБО бастығы:
– Біздің күштеріміз бен құралдарымыз өрт орнына жедел түрде шықты. Өкінішке қарай, балконда жеке мүлік жанып кетті. От пәтерге жетпеді. Мамандар 38 адамды эвакуациялады. Оның 5-еуі – бала.
Өрт оқиғасының 7-еуі жеңіл автокөліктердің жануымен байланысты. Статистика көрсеткендей, көп жағдайда жүргізушілер суық ауа райында қауіпсіздік ережелеріне мән бермейді. Салдарынан көліктер шамадан тыс қызады немесе электр сымдары қысқа тұйықталуға әкеледі.
Мәдина Қаби