СҚО әкімдігіАптадағы маңызды жаңалықтар

Явленка ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды

Өңір басшысы жұмыс сапарымен Есіл ауданына барды. Ең алдымен Ғауез Нұрмұхамбетов Явленка ауылында ашылған дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде болды. Нысанның құрылысы 3 жылға созылды. Мұнда үлкен де, кіші де бос уақыттарын тиімді өткізбек.

– Мен 77-ге келдім. Осында спортпен шұғылдану керек деп ойлап отырмын.
– Спортпен айналысасыздар ма?
– Жас кезімде айналыстым.

Тұрғындар дән риза. Кешенде таңғы 9 бен кешкі 10-ның аралығында бірнеше үйірме жұмыс істейді. 8 жаттықтырушы еңбек етеді. Облыс басшысы Ғауез Нұрмұхамбетовтың айтуынша, келешекте мұндай нысан өзге аудандарда ашылмақ.

Кейін Ғауез Нұрмұхамбетов Аяған Шәжімбаев атындағы №3 Явленка орта мектебіне барды. Биыл білім ұясына «Қазақстан халқына» қоры
250 млн теңге бөлді. Қаржыға жиһаз бен жабдықтар, сәндік-көркем бұйымдар сатып алынды. Мына заманауи құрылғы “Интерактивті киоск” деп аталады. Құны – 1,5 млн теңге.

Ата-аналарға арналған. Мұнда мектеп бойынша толық ақпарат бар. Әрбір ата-ана балаларында қандай сабақ болып жатқанын көре алады. Барлық ақпарат осы жерде.

“Қазақстан халқына” қоры арқылы дәл осындай заманауи жабдық облыстың 4 мектебіне жеткізілген. Білім ұясында өңір басшысы балалардың туындыларымен де танысты.

– Мұны оқушылар өздері құрды. Камерасы жоқ.
– Мұны қалай көтересіңдер?
– Оның жеке пульті бар.

Биыл 24 млн теңгеден астам қаражат бөлініп, білім ұясы ағымдағы жөндеу көрді. Жылыту жүйесі, кіреберіс пен дәретхана қалыпқа келтірілді.
Сонымен қатар, спортзалдың едені ауыстырылды. Есіл ауданында кәсіпкерлердің саны артып келеді. Жеке іс бастағандардың бірі – Жомарт Шамшуменов. Ол ағымдағы жылы «Ауыл аманаты» жобасы арқылы 2,5 пайызбен 8 млн теңгеден астам несие алған. Ақшаға 8 бас симментал сиырын және 20-дан аса қой сатып әкеліпті.

Еділбай тұқымды 24 қой алдым. 2 қошқарды Тайынша ауданынан әкелдім. Өсіру қажет.

– Техника алған жоқсыз ба?
-Жоқ, бизнестік жобам осы қара мал мен қойға арналған.

Аймақ басшысы жеке кәсіпкерге сәттілік тіледі. Сөз соңында облыстық сандармен бөлісейік. Биыл теріскейлік кәсіпкерлерге «Ауыл аманаты» жобасы аясында 1,8 млрд теңге несие беріліпті.

 

Гүлден Сембаева