Экономика және қаржы

СҚО-да “Qnet” қаржы пирамидасына алданғандардың саны артуда

Өңірде қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл күшейе түсті. Маңызды жұмыспен Солтүстік Қазақстан облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті айналысуда. Бұл жайлы журналистерге аталған органға қарасты тергеу басқармасының бастығы Ержан Өмірбеков мәлім етті. Оның сөзінше, аймақта әжептәуір адам қулардың құрығына түскен. Статистикаға сүйенсек, жәбірленушілердің 74% тұрақты түрде жұмыс істейді. Ал 62% жоғары білімі бар. Қаржы пирамидаларының ішінде көпшілікке “Qnet” деп аталғаны жақсы таныс. Жалпақ жұртқа мәлім, биыл осы ұйымның өңірлік бөлімшесінде арам ойын жүзеге асырған 4 пысықай ұсталды. Қазір оларға қатысты қылмыстық іс қаралуда. Алдын ала дерек бойынша бұлар 100-ден аса теріскейлікті сан соқтырған.

ЕРЖАН ӨМІРБЕКОВ, СҚО бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті тергеу басқармасының бастығы:

– 115 адам жәбірленуші ретінде тіркелді. 99 млн теңге көлемінде шығын келген. Адамдар әлі де келіп, арыз жазып жатыр.

 

Байболат Құлтанов