СҚО әкімдігі

Облыс әкімі жеке қабылдау өткізді

Бурахан Дақанов «Тәуекел» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі. Бүгінде азамат облыстағы көші-қон мәселесін шешуге ат салысып жүр. Бір жарым жылдан бері оңтүстіктен, шет елден отандастарымыздың Павлодар және өзіміздің облысымызға қоныс аударуына көмектесті. Қабылдауда офис, call center, платформа ашу мәселесі сөз болды.

– Сізден көмек сұрап шығып отырған себебіміз 1 жыл бұрын, экс-әкім біздің жобаны көріп, офис, call center, платформа мәселесін шешіп береміз деген еді. Дегенмен өкінішке қарай ол сұрақ жауапсыз қалды.

Ғауез Торсанұлы бұл мәселе бойынша жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасарына сөз берді. Қызметкер жоспар бойынша облысқа 2460 адам көшіп келгенін, 238 қандас қоныс аударғанын айтты. Сондай-ақ, өңірде аталған платформаның бар екенін де тілге тиек етті.

СЕРІК ТОҚЫМБЕТОВ, СҚО әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары:

– Колл центр деген ол бізде қазір управлениеда бірақ, 4 желтоқсанда біз оңалту орталығын аштық. 4 адам ол басшысы, 3 маман тек көші-қонмен айналысады. Ол көмек, аударма ісі. Колл центрді біз сол оңалту орталығына береміз.

Басқарма маманы «Колл центр жұмысын толықтай атқарып отыр, екінші платформа ашудың қажетті жоқ» – дегенге келтірді. Облыс басшысы қоғам белсендісінің өтінішін тағы бір қарап, басқа бір шешімін табу керегін айтты. Кейін қабылдау Балуан ауылы тұрғындарының пай мәселесімен жалғасты. Елді-мекенде жердің сатылып кету салдарынан 2021 жылы ауыл мектебі жабылған. Тіпті сатылымға шығарылған.

– Жер сатылғаннан кейін ауылымыз құрып қалды. 360 орындық жаңа мектебіміз бар еді. Енді мектеп, су, жол жоқ бәрі жердің мәселесі ғой. Сіздерден сұрайтынымыз сол проблеманы шешуге ат салысу.

Қазір Балуан ауылының тұрғындары банк арқылы үшінші тұлғаға сатылып кеткен 4000 гектардан астам жер телімін қайтара алмай жүр. Заңгердің айтуынша бұл істің былығы көп. Ал халық мәселеден 10 жыл бойы бейхабар болып келген.

ӘСЕЛ МІРЖАҚЫП, заңгер:

– Біз полиция департаментінде болдық. Күні бүгінге дейін істе еш өзгеріс жоқ. Ең қызығы жер қатынастарына қатысты жергілікті атқарушы органдардан түпнұсқа құжаттарды таппайсың. Бәрін жасырды, бірақ екі айдың ішінде қолымызға құжаттар түсті. Жерді рәсімдеу, жалған құжат жасауға қатысты заңсыз әрекеттер анықталды.

Облыс басшысы қылмыстық істер бойынша сөзді полиция департаменті бастығына берді.

АЙДЫН ҚАБДҰЛДИНОВ, СҚО ПД бастығы:

– ҚР Қылмыстық Кодексінің 385-бабына сәйкес іс жалған құжаттар жасау, оларды қолдануға келіп тіреледі. Бірақ заңсыз әрекет жасалғаннан бері 14 жылдан астам уақыт өтіп кетті. Сондықтан ол тұлғаларға қатысты үстінен іс қозғалмайды.

Ғауез Нұрмұхамбетов мәселенің күрделі екенін атап өтті. Ал білім ордасына қатысты жағдай өз шешімін табады. Мектепті жекешелендіріп қайтару керек. Жаңа жылға дейін Шал ақын ауданына барып бұл жағдайдың нүктесін қоямыз деді. Сондай-ақ, қоғамдық қабылдауға Ғ. Мүсірепов ауданының Сокологоровка және Тахтаброд ауылдарының тұрғындары қатысты. Олар да өздеріне тиесілі жер телімінен айырылып қалған, инвесторды ауыстыру мәселесін көтерді. Қазір жер телімі кепілдікте тұр. Кепілгер – «Бейтерек» ұлттық басқарушы холдингі. Тұрғындар өз құқығын қорғау үшін жауаптыларды сотқа берген. Қазір сот процессі жүріп жатыр.