Қоғам

Аққайың ауданындағы қос қабатты үйде газ баллоны жарылды

Тапа-тал түсте бүтін бір ауыл дүр сілкінді! Бүгін күндізгі 3-тер шамасында Аққайың ауданының орталығында орналасқан қос қабатты үйде газ баллоны жарылды. Салдарынан 2011 жылы туған қыз қаза тапты және 2001 жылғы ер адам зардап шекті. Ол аудандық ауруханада ем қабылдап жатыр. Оқиға орнына аймақ басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов жедел арада барды.

 

Байболат Құлтанов