Солтүстік Қазақстан облысында табысты іске асырылған ондаған инвестициялық жобалар бар. Олардың саны жақын арада “Kronospan”компаниясымен толықтырылуы мүмкін. Бұл бүкіл әлемде белгілі брендтердің бірі және сапалы ағаш өнімдерін шығарумен танымал. Облыс әкімі инвесторлармен кездесу барысында өңірде ағаш өңдеу өнеркәсібі белсенді дамып келе жатқанын айтты.
ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:
– Экономиканы дамытудың маңызды бағыты ағаш өңдеу өнеркәсібі болып табылады. Бүгінде біздің облыста жарты миллион гектардан астам жерді орман алқаптары алып жатыр. Біз жоғары технологиялық жобаларды енгізе отырып, ағаш өңдеу саласын, ағаштан жасалған бұйымдар өндірісін дамытамыз. Ламинатталған фанера өндірісі іске қосылды, жоғары сапалы өнім Қазақстан нарығында сұранысқа ие, Германия, Польша, Латвия, Эстония, Литва және Азия елдеріне экспортталады.
Сондай-ақ, облыс басшысы аймақта құрылыс саласында белсенді жұмыс жүргізіліп жатқанын, сондықтан құрылыс материалдары сұранысқа ие екенін атап өтті. “Kronospan” компаниясының өкілдері олардың өндірістері бүкіл әлемде табысты жұмыс істеп жатқанын хабарлады. Айта кетейік, аталмыш компанияның Қазақстанда ынтымақтастық тәжірибесі бар. Енді олар келесі жылы құрылысты бастау үшін дайын инфрақұрылымы бар учаскені іздеуде.
ТОМАШ ЯНЧАК, “Kronospan Holding East” акционерінің өкілі, Австрия:
Технологияларды таңдау мәселесі қазірдің өзінде біздің тарапымызда, біз мұны қалай жасау керектігін білеміз. Жергілікті үкіметпен тек инвестициялауға орын табу, оны іске қосу үшін жақсы серіктестерді табуымыз қажет. Жоба 50 миллион АҚШ долларынан асады.
Компания өкілдері қалада олар үшін маңызды бірқатар мәселелер бойынша жағдай қалай өрбіп жатқанын сұрады. Олардың ішінде: логистика, шикізат, инфрақұрылым және тағы да басқалары.
ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:
– Біздің қалада электр энергиясы бойынша проблемалар жоқ. Бүгінде біздің ЖЭО-2, Севказэнерго турбиналармен электр энергиясын өндіреді, оның қуаты 500 мегаваттқа дейін жетеді. Біз тек 60%-ын қолданамыз, ал 40% – ы әлі жүзеге асырылмайды. Жылуға келетін болсақ, қазандық қондырғылары 714-ке дейін жетеді, бірақ біздің қаланың өсуін ескере отырып, біз сағатына 500 гигакалорияны ғана тұтынамыз. Бізде тағы 200-ге жуық резерв бар.
Облыс әкімі компанияға өндірісті іске қосу үшін барлық қажетті қолдау көрсетілетінін атап өтті, сондай-ақ өнімнің ішкі және сыртқы нарықтарда сұранысқа ие болатынына сенім білдірді.