Қоғам

Халықтың алғысына бөленген серіктестік

Аққайың ауданына қарасты Полтавка ауылының тұрғындары да тұрақты түрде пай үлесін алады. Айтуларынша елді мекен бір орында тұрмай, жыл сайын дамып келеді. Тұрғындар бұған дән риза.

– Пайды уақытылы береді. Биыл ақшалай есептегенде 100 800 теңге болды.
– Ауылымыз жылдан-жылға даму үстінде. Тиісті үлесімізді уақытылы алып отырамыз. Сұрасаң астық ретінде, ақшалай түрде де береді. Ол жағынан мәселе жоқ.
– Жыл сайын пайды жақсы береді. Біздің үйде 2 адам жарнапұл алады.

Мал азығымен қамтылатын жанның бірі – зейнеткер Сәуле Мұхамадиева.

СӘУЛЕ МҰХАМАДИЕВА, Полтавка ауылының тұрғыны, Аққайың ауданы:

– Алдымен шөп пен сабан жайлы айтайын. Бір бума шөптің құны – 5 мың теңге. 20 бумасын сатып алдым. Сабан да сонша көлемде жеткізілді. Бізге жетеді. Пайға келсек, 97-ші жылы жиын болып, үлесімізді Елтай Зікіринге бердік. Еш өкінген емеспіз. Жыл сайын әр жарнашыға 1 тоннна мал азығы жеткізіледі. Менің 5 балам бар. Бәріміз пай алдық.

Серіктестік ауыл тұрғындарына тұрғын үй мәселесін шешуге де көмектеседі.

ЕРЛАН ЗАКИРИН, «Полтавское» ЖШС директорының орынбасары, Аққайың ауданы:

– Өткен жылы бізге 18 отбасы көшіп келді. 17-ге жуық үй салдық. Өзіміздің ішкі бағдарламамыз бар. Адам ауылда жұмыс істесе, баспана 4,5 млн-ға беріледі. Қарызды 10 жылға бөліп төлеуге болады.

«Полтавское» серіктестігі 11,5 мың гектар жерге иелік етеді. 1300-ге жуық жарнашы бар. Бірі де пайдан қалыс қалмайды.

ЕРЛАН ЗИКИРИН, «Полтавское» ЖШС орынбасары, Аққайың ауданы:

– Ақшалай есептегенде, биыл біз бір кісіге 100 мың теңгеден аса қолдау көрсеттік. Мал ұстайтын жандарды жыл да жем-шөппен қамтамасыз етуге тырысамыз. Бүгінгі таңда үйлерге 700 тоннаға жуық шөп және 300 тоннадай сабан жеткізілді. Бір тонна шөптің бағасы – 20 мың теңге.

Жергілікті кәсіпкерлер өздері үшін ғана емес, ауыл тұрғындары үшін де жұмыс істейді, дейді Полтавка ауылдық округінің әкімі Ольга Семенюк.

ОЛЬГА СЕМЕНЮК, Полтавка ауылдық округінің әкімі, Аққайың ауданы:

– Соңғы 3 жылда ауылдық округтің әлеуметтік дамуына 800 млн теңгеден астам демеушілік қаржы бөлінді. Оның 200 млн-нан астамы көшелерді жөндеуге бағытталды. 2020 жылы «Полтавское» серіктестігі есебінен заманауи ФАП ғимараты салынды. Барлық мәдени іс-шаралар агроқұрылым есебінен өткізіледі. Сондай-ақ, Полтавка орта мектебіне 112 млн теңгеге күрделі жөндеу жүргізілді.

«Полтавское» ЖШС ауылдағы мектепке ұдайы көмектеседі. Агроқұрылым ауылда бөбекжай орталығын да тұрғызды. Ол өткен жылы ғана ашылды.

ЖҰМАБИКЕ ӘШІРБЕКОВА, Полтавка орта мектебінің директоры, Аққайың ауданы:

– Күні кеше ғана сүзгіден өткізілген ауыз суға арналған субұрқақтар орнатылды. Жарық бар. Алыстан мектеп те, жанындағы шырша да көрінеді. Мұның бәрі де «Полтавское» серіктестігінің арқасы. Біздің агроқұрылым әр мәселені назарда ұстайды. Өзім осы серіктестіктен пай да аламын. Ақшалай есептегенде, бұл 100 мың теңгеден асып жығалады. Бұған өте қуаныштымыз.

Полтавка ауылында 800-ден аса адам тұрады. Өндірісі қызған, тұрмысы тамаша елді мекен Петропавлдан 90 шақырым жерде орналасқан.

 

Гүлден Сембаева