“Ақ лента”. Облыс орталығында осындай атаумен зорлық- зомбылыққа қарсы күреске бағытталған акция ұйымдастырылып жатыр. Ойын-сауық орталықтарының бірінде өткен
шара барысында полиция қызметкерлері, әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелері
тұрғындарға ақ ленталар мен жаднамалар таратты.
ӘСИЯ АБЖАНОВА, СҚО ПД ЖПҚБ аға инспекторы:
– Ақ лента – бұл кез келген зорлық-зомбылыққа қарсы тұрудың символы. Соңғы 10 айдың ішінде облыста отбасылық зорлық-зомбылық бойынша 2134 құқық бұзушылық тіркелді. Соның ішінде 536 адам әкімшілік қамауға алынды. 316-сына ескерту жасалды, 6-ауына айыппұл салынды.
Осындай акция өткзудегі мақсат – зорлық-зомбылықтың алдын алу, халықтың полицияға деген сенімін арттыру.
ГҮЛБАҚША МҰСАБАЕВА, СҚО әкімдігі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшесі:
– Осы екі аптаның ішінде біздің қоғамда болып жатқан зорлық-зомбылықпен жұмыс істейтін боламыз. Зорлық-зомбылық неден пайда болады? Ол – отбасындағы кикілжің, ата-аналар балаға қарсы. Күйеуі әйеліне қарсы немесе көп агрессияда, көп қысым көрген әйелдер. Қазіргі уақытта өз күйеуіне қарсы қылмыс жасайды. Осыларды біз ауыр қылмыстарға жатқызып жатырмыз.
Тұрғындар зорлық-зомбылықпен күресте тәрбиеге мән беру қажеттігін айтты.
– Бірінші отбасыдан басталады ғой тәрбие деген. Жастар тәртіпті болу керек мынадай заманда. Бір-бірімен ұйымшыл болуы керек.
– Бұндай акциялар ақпараттық тұрғыда маңызды. Мамандарға толғандырған сұрақтарыңа жауап аласың.
Мәдина Қаби