Қоғам

ЖИТС орталығының мамандары челлендж бастады

«Баға жетпес көмек». Осындай атаумен ЖИТС орталығының мамандары әлеуметтік желіде челлендж бастады. Іс-шара Халықаралық еріктілер күні аясында ұйымдастырылып отыр. Тұрғындар челлендж аясындағы бейнежазбаларын инстаграмға жүктеп, aids _ sko парақшасын белгілеп кетулері қажет. Кеше ғана бастау алған шараға әзірге 2 адам қатысқан.

РИНАТ ҰЛМЕСЕКОВ, ЖИТС профилактикасы және қарсы күрес жөніндегі облыстық орталығы директорының міндетін атқарушы:

– Мен бастамашыл, қамқор солтүстікқазақстандықтарды челленнджге қосылуға шақырамын игі іс жасауға, оны әлеуметтік желілерде айтуға. Туыстарыңызды, достарыңызды және әріптестеріңізді челленджге қатысуға шақырыңыздар. Игі істер көбейе берсін.

Бастамаға қолдау білдіргендердің бірі – «Феникс» заңды тұлғалар бірлестігінің өкілі Қарлығаш Акинова мен Петропавл электротехникалық зауытының директоры Ерсұрлтан Шәмшиев. Белсенді жандар АИТВ инфекциясына шалдыққан 14 жасқа дейінгі 12 балаға сыйлық табыстамақ.

ЕРСҰЛТАН ШӘМШИЕВ, “Петропавл электротехникалық зауыты” ЖШС директоры:

– Облыстық СПИД орталығы бастаған челленджді қолдаймын – “Баға жетпес көмек”. АИТВ инфекциясымен ауырып жатқан балаларға аранайы жаңажылдық сыйлық ұсынамыз. Сондай-ақ, өңір кәсіпкерлерін және барша белсенді тұлғаларды осы челленджді қолдауға шақырамын.

Жалпы, облыста ВИЧ инфекциясын жұқтырғандардың саны 1400-ге жуықтайды. Жыл басынан бері 126 адамның бойынан індет анықталды. Соның 2-еуі – шетел азаматы. Науқастардың 64 пайызын ер адамдар құрайды. Осы орайда тоқтала кетейік, өңірде балалар арасында соңғы 2 жылда аталған дерт тіркелген жоқ.

 

Гүлден Сембаева