Мына үйде ерлі-зайыпты Плетухиндер тұрады. Екеуі де 90-ның үстінде. “Бойдан әл кеткен соң дала жұмысын атқаруға да қауқар жоқ жарамсыз”,- дейді қариялар. Қос баласы Ресейге көшіп кеткен, өздері де зейнеткер көрінеді. Үйдің ішіне су тартылған, отын да кіргізіліпті. Үй шаруасына жәрдемдесуге келген волонтерлерге ауладағы қарды ғана тазалау керек. Есік алдында қар көп. Аула үлкен. Қолдарына күрек ұстаған 4 ерікті іске кірісіп кетті.
ӘСЕМ ҚАЛИАСҚАРОВА, волонтер:
– Бос уақытымда зейнеткерлерге көмектесуге тырысамын. Себебі, оларға қиын болады. Біз де осы жасқа келеміз. Сондықтан, бір-бірімізге мейірімділікпен қарап, бірге болуымыз керек. Халықтың күші – бірлікте.
Жастар әзірге 5 зейнеткерге барып, қол ұшын созған. «Мейірім апталығы» аясында еріктілер 20 үйді қамтуды жоспарлап отыр.
Гүлден Сембаева