Қоғам

Ұлыбритания елшісі тілшілермен кездесті

Ұлыбританияның Қазақстандағы елшісі Кэти Лич «Гендерлік зорлық- зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенділік» акциясы аясында еліміздің облыс орталықтарын аралап жүр. Бүгін ол Петропавл қаласына қонақтап келді. Тілшілермен кездесуінде мейман қоғамдағы өзекті проблема – отбасылық зорлық-зомбылық, әйел құқығы тақырыбын көтерді. Мақсаты – осы тұрғыда өңір тұрғындарының көзқарасын білу және мәселемен күресте шетелдік тәжірибемен бөлісу.

КЭТИ ЛИЧ, Ұлыбританияның Қазақстандағы елшісі:

– Біз Біріккен ұлттар ұйымының халықты орналастыру қорын қолдаймыз. Бұл – ана мен бала денсаулығын сақтау саласында қызмет атқаратын қор. Оның жұмысы өзін-өзі басқару органдарының бірігіп жұмыс істеуін қамтамасыз етуге негізделген. Ұйым құрамына полиция қызметкерлері, денсаулық сақтау органы мен мектеп өкілдері және заңгерлер кіреді. Мамандардың зорлық-зомбылыққа қарсы жұмыстары нығайса, қоғамда қатыгездік те азаяды деген ойдамын.

 

Мәдина Қаби