Қоғам

Шетелдік автокөліктерді заңдастыруға бір айдан аз уақыт қалды

Темір тұлпар иелеріне құлаққағыс! Шетелдік тіркеудегі көліктерді заңдастыру туралы 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін берілген өтінімдер 31 желтоқсанға дейін ғана қаралады. Полицейлер аз уақыт қалғанын хабарлай отыра, тұлғаларды заңдастыруды аяқтауға және жылжымалы мүліктерді тіркеуге қоюға шақырады. 23 қаңтардан бастап бүгінгі күнге дейін Петропавл қаласындағы Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына 15 мың 635 өтініш түскен. Бүгінгі таңда 10 мың 582 бірлік көлік құралы тіркеліпті.

СЕРІК ӘЛЖАНОВ, СҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы:

– Қазір Солтүстік Қазақстан облысы аумағында шетелдік тіркеудегі 10 580 астам автокөлік заңдастырылды. Олардың ішінде 230 конструктор бар, 921 көлік құралы уақытша есеп алынды. Заңдастыруға қатысты барлық сұрақтар бойынша жедел желі телефондары арқылы хабарласуларыңызды сұраймыз: 32-00-22, 32-00-19.

 

Байболат Құлтанов