Құқық қорғау органдары

Есірткі қылмысын тіркейтін қосымша пайда болды

Жеңіл ақшаның соңына түскен адам опық жеп қалуы мүмкін.
Соңғы жылдары есірткі тасып, арам ақшаның құрбаны болған талай жас қазір темір тордың ар жағында отыр. Өңір полицейлері салдардың санын азайту үшін қаладағы машина жасау және көлік колледжінің студенттерімен кездесіп, ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізді.

– Пример привели про студента-первокурсника. Его осудят в 17 лет, и выйдет он из мест лишения свободы 30-летним. Время, когда можно строить семью, заводить детей, карьеру строить, он проведёт в местах лишения свободы.

Полиция қызметкерлері еріктілермен бірге аталған оқу орнының жатақханасына барды. Жастарға есірткі ісіне берілетін заңмен қарастырылған жауапкершілік туралы түсіндірілді.

ЖАНГЕЛДІ ӘПЕНОВ, қалалық ПБ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің бастығы:

– Есірткі мен нашақорлық проблемасы және сұрақтар бойынша жасырын түрде байланысуға болатын тәулік бойы жұмыс істейтін байланыс және сенім телефонын қалдырамыз. Біз жастарды есірткі заттарының заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілікті қатаңдату туралы хабардар етеміз. Әр қабатқа бот жедел хат, QR-кодтары жапсырылды.

“Нарко хелп” телеграм-боты есірткіні қолдану белгілері, оған берілетін қылмыстық жауапкершілік туралы ақпарат алып, байқаған құқық бұзушылықтар туралы хабарлама қалдыруға мүмкіндік береді. Бот “Қазақстанның болашағы үшін” қоғамдық студенттік бірлестігінің көмегімен құрылды. Оның авторларының бірі, бірлестік төрағасы Рүстем Арманов та профилактикалық акцияда бой көрсетті.

РҮСТЕМ АРМАНОВ, “Қазақстанның болашағы үшін” ҚСБ төрағасы:

– Бұл телеграм-боттың басты идеясы – ол тек қана адамдардың анонимді түрде өтініштерін алу ғана емес, сонымен қатар, Петропавл қаласы аумағының толықтай картасын зерттеу және де камералары жоқ жерлерді анықтау және де кейін оны керекті органдарға ұсыныс ретіндеу баяндау мақсатында жасалып, ашылған болатын.

Аталмыш бот қазан айында іске қосылды. Осы уақыттың ішінде оған 27 хабарлама келіп түскен.

 

Ақжүніс Мұқатай