Құқық қорғау органдары

Полицейлерге шабуыл жасағаны үшін бас бостандықтарынан айырылды

Мамлютка қаласының үш тұрғыны тәртіп сақшыларына шабуыл жасағаны үшін бас бостандықтарынан айырылды. Үшеуі өткен көктемде аулада ішімдік ішіп отырыпты. Оларды байқап қалған екі учаскелік инспектор ер адамдардың бұл әрекеті әкімшілік құқық бұзушылық екенін айтып, ескерту жасаған. Бұған құлақ аспаған әлгі үшеу керісінше жұдырық ала жүгіріпті. Тәртіп сақшыларына тіпті табельдік пневматикалық қарудан аспанға оқ атуға тура келген. Ұсталған ер адамдар 21, 28 және 39 жаста. Жарты жылға созылған тергеу жұмыстары мен сот отырыстарынан кейін кінәлілердің үлкені 3 жыл 6 айға, қалған екеуі 3 жылға бас бостандықтарынан айырылды.