Кеше түнде қалың қар жауды, ал бүгін таңғы 5-тен оны тазалау жұмыстары басталып кетті. Дәл қазір іске 200 техника тартылған.
ӘСЕМ АЙТУЛОВА, Петропавл қаласы әкімінің баспасөз хатшысы:
– Биылғы жыл бойынша жұмыс істеуге 300-ден аса техника дайындалды. Яғни, бірінші механикалық тазалау жасалады. Содан кейін қар шығарылады. Түнгі уақытта қала бойынша үлкен көлемде қар жауды. Сол себепті, коммуналдық қызметкерлердің міндеті – көліктер өту үшін жолдарды, бұрылыстарды тазарту болды. Бұл жұмыстар бүгінде жалғасын табады.
Тайғақ жерге құм-тұз қоспасы себіледі. Биыл қалаға жетерліктей көлемде 2 мың текше метрден астам инертті материал қоры әзірленген. Қар тазалау жұмысына қатысты тұрғындардың пікірін білдік. Көбінің жұмыс сапасына көңілдері толады, ұсыныстарын білдіріп жатқандар да табылды.
– Жақсы тазалап жатыр. Мен өзім Бескөлде тұрамын. Үйден көп шыға бермеймін. Жұмыс жақсы жасалып жатқан сияқты.
– Қар тазалау жұмысы барлық жерде қызу жүріп жатыр. Ақ ұлпа тиянақты тазаланса адамдарға, әсіресе, жаяу жүргіншілерге жүру де ыңғайлы болады.
– Жұмыс сапасына көңілім толады. Дегенмен де, бір жерді ғана сыпыра бермей шеткі көшелерді де назардан тыс қалдырмаған дұрыс.
Мәдина Қаби