«Агро Елецкое» – Айыртаудағы алдыңғы қатарлы агроқұрылымдардың бірі. Серіктестік жергілікті халыққа жақын. Уақытында пай береді, қайырымдылықпен айналысады, спорттық шаралар ұйымдастырады.
БАЙТАС ҚАЗБЕКОВ, “Агро Елецкое” ЖШС директоры, Айыртау ауданы:
– Кездесулердің бірінде халық қоғамдық монша салуды сұрады. Өтініш жерде қалмайды. Құрылысты жоспарға енгізіп қойдық. Болашақта мәдениет үйі мен шағын медициналық пункт да тұрғызғымыз келеді. Мұның барлығы халыққа, бізге керек.
Халықты ойлаған серіктестікке жүргізуші керек. Мамандар үймен қамтылады. Наталья Викимова – құрылымның қойма меңгерушісі. Өзіне жасалған жағдайға көңілі толады. Азаматшаның айтуынша, Елецкое жылдан-жылға көркейіп келеді.
НАТАЛЬЯ ВИКИМОВА, “Агро Елецкое” ЖШС қойма меңгерушісі, Айыртау ауданы:
– Көкөніс сақтау қоймасы салынып жатыр. Тұқым сақталатын орын тұрғызылды. Дүкен жөнделді. Мұның бәрі – біз күткен өзгеріс, біз күткен жұмыс.
– Адамдар өзге жаққа көшуді қойды. Жастар жағы ауылға қайтып келіп жатыр. Оларға жұмыс бар. Бұл – ең бастысы.
– Балаларға арналған алаңқай салынды. Жолдар жөнделді. Жарық пайда болды. Көңілім толады.
Тағы бір шешілген мәселе – ұялы байланыс. Бұл проблема да тұрғындарды толғандырған еді. Жалпы, Елецком ауылында 353 адам тұрады. Ал Кирилловка халқы «North Grain» серіктестігімен мақтанады. Аталған агроқұрылымға да мамандар қажет.
ЕРБОЛАТ КАЛЕНОВ, «North Grain» ЖШС директоры, Айыртау ауданы:
– Бізге техниктер, электриктер, инженерлер керек. Жыл сайын техникалық паркті жаңартамыз. Қатарымыз білікті, білімді, жұмысқа құштар жастармен толыққанын қалаймыз. Жағдай жасалады. Үймен қамтуға дайынбыз.
Серіктестік 400-ге жуық жарнашымен келісімге келген. Олардың барлығына тиісті төлем жасалыпты. Тұрғындарға таратылған жалпы пай мен ақшаның мөлшері 27 млн теңгеге жуықтапты.
– Биыл пай бидай және сұлы түрінде берілді. Жаман емес. Біздің көңілден шықты.
– Басқа жақтарда пай берілмеді, жерімізді алып қойды деп жатады. Бізде ондай болған емес. Ауылым дамып келе жатыр.
Бүгінде Кирилловка ауылында 674 адам тұрады. Елді мекеннің көшелерінің басым бөлігіне асфальт төселген.
Байболат Құлтанов