Қоғам

Әлішер Тукаевқа арналған қайырымдылық концерті өтті

5 жастағы Әлішер Тукаев тумысынан омыртқа дертіне шалдыққан.
Бүгін қалада баланың еміне арналып қайырымдылық концерті өтті. Облыстық орыс драма театрының залы көрермендерге лық толы. Әншілер мен бишілер өнерін паш етіп, оны көруге келген көрермен билет сатып алады. Бірлесіп атқарған игі істің нәтижесінде қажет сома жиналады деген үміт зор.

АЛЛА ПИСАРЕНКО, СҚО ҚХА қайырымдылық жасаушылар клубының төрағасы:

– Концертке көп адам жиналды. Билеттің барлығы сатылды десек болады. Емге қаражат жинау бір жарым ай бұрын басталған болатын. Қажет соманың жартысынан көбі жиналды. Қалған 5 млн-ды жинауға бәріміз бірге ат салысайық!

Әлішерге қажет операцияны Израильде жасау жоспарланған. Қажет сома – 32 млн теңге. Соның 27-сі бар. Науқас бала ата-анасымен бірге шетелге осы айдың соңында ұшады.

БАҒДАТ МҰҚАНОВА, облыстық ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы:

– Диагнозы арқа жағынан. Ауруы өте ауыр. Сондықтан, Израильде көмек жасалса, біз бәріміз қуанамыз, бәріміз бақытты боламыз. Биыл осындай қайырымдылық жәрмеңкелер өткізілді. Қасым-Жомарт Тоқаев былай айтқан “Біз-бір халық, бір ел” деп. Сондықтан, бүгінгі кезде соңдай денсаулық жағынан қиын жағдайдағы азаматтарға көмектесу біздің парзымыз.

Жиналған сомаға қайырымдылық концерттің нәтижесінде 1 млн теңге қосылды. Әлішерге көмек қолын созамын деген жандар болса экранда көрсетілген реквизиттер бойынша ақша жібере алады.

 

Мәдина Қаби