«АРДОС-Жүрек» ұйымы бүгін «Барлығына арналған инклюзивті білім беру» деп аталатын жоба аясында атқарған жұмыстарын қорытындылады. Бірнеше ай бойы білікті мамандар мүмкіндігі шектеулі балалардың педагогтары мен ата-аналарына арнап тренингтер өткізді. Инклюзивті білім беру туралы әдістемелік құралдарымен бөлісті. Жоба аясында 500-ден астам адам қамтылды.
ЕЛЕНА МАЩЕНКО, облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация өкілі:
– Жобаны жүзеге асыруға облыстық психологиялық- медициналық-педагогикалық консультация қызметінің барлық мамандары жұмылдырылды. Бұл – психологтар, логопедтер, дефектолог, сурдопедагогтер мен тифлопедагогтер. Мамандар кембағал бала тәрбиелеп отырған ата-аналарға күйзелістен қалай шығуға болады, балаға қалай көмектесу қажеттігі турасында біраз ақыл-кеңес берді. Онлайн-консультациялар өткізіп, психологиялық және дефектологиялық тұрғыда көмек көрсетілді.
«АРДОС- Жүрек» заңды тұлғалар бірлестігіне биыл 10 жыл толады. 2013 жылдан бері ұйым өкілдері мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалтуда және қолдау бойынша ауқымды жұмыс жүргізді.
АҚЖАН КӘРІМ, “АРДОС-Жүрек” мүгедектер бірлестігі” ЗТБ директоры:
– Инклюзивті білім беру деген не? Мектептерде инклюзивті ортаны қалай дұрыс қалыптастыру қажет? Осы тұрғысында біраз жұмыс атқарылды. Мұғалімдер ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқытуда мәселелерге жиі тап болып жатады. Инклюзивті білім беру барлық балалардың әртүрлі екендігін көрсетеді. Бала, оның ерешелігіне қарамастан оқуға құқылы.
Жоба аясында 18 мектепте мониторинг жүргізілді. Бұл мекемелерде мүмкіндігі шектеулі балалар құрдастарымен тең дәрежеде оқиды. “АРДОС-Жүрек” ұйымының өкілдері мектептердің жабдықталуымен танысып, ескеретін жайттар болса оны да айтқан басшылыққа. Келешекте осы бағыттағы жұмыс жалғасын табады.
Мәдина Қаби