Бұл бишілер бойына жұққан дертпен бірнеше жыл бойы күресіп келе жатқан Анжелика Белескаеваның еміне өз үлесін қосуға келген қала тұрғындарына өнер көрсетуде. Сахна шымылдығын “Нұр шашу” халық би ансамблі “Ерке қыз” қойылымымен ашты.
Айнұр Ілияс – Анжеликаның әріптесі. Нәзікжанды ауылдасына арналған әр іс-шараның басы-қасында жүр. Осымен 2-ші мәрте өткізіліп жатқан қайырымдылық концерттен де шет қалмады. Емге керек сома толық жиналып, құрбысының айығып кететінінен үміт үзбек емес.
АЙНҰР ІЛИЯС, Анжелика Белескаеваның әріптесі:
– Қазір Анжелика Қазақстанда. Осыдан бірнеше күн бұрын туған жеріне ұшып келді. Шындығын айтсам, Кореядан амалдың жоқтығынан келді. Себебі, әрі қарай ем алуға қаражат таусылды. Енді тиісті емді Петропавлда алмақ. Бір терапияның өзі 3 млн теңге тұрады. Осы ретте өңір тұрғындарынан қолдарынан келгенше көмектессе екен деп сұраймыз.
Сенбі күні өткен шарада теріскейлік 20 би тобы өнер көрсетті. Араларында “Движение” ансамблі де бар.
ОЛЬГА ГОЛУБЕВА, “Движение” хореографиялық миниатюралар ансамблінің жетекшісі:
– Біз бүгін 3 би биледік. Концертке кіші және ересек топтарды алып келдік. Жалпы, біз мұндай қайырымдылық кештерге жиі қатысамыз. Балалар әлі кішкентай болғанымен біреудің өмірін сақтап қалуға өз септігін тигізіп жатыр.
Жалпы, қайырымдылық концертіне келген 250 адамның арқасында 584000 теңге көлемінде қаражат жиналды. Бұл қажет соманың бір бөлігі ғана. Сол себепті, қатерлі дертке шалдыққан жерлесіміз әлі де халықтың көмегіне мұқтаж. Қол ұшын созам деген жандар ақшаны экранда көрсетілген реквизиттер бойынша жолдай алады.
KZ266010002037141478
Каспи,Халық -8-778-132-47-03
Ақжүніс Мұқатай