Қоғам

Абайлаңыз – көміртегі тотығы” акциясы

“Абайлаңыз – көміртегі тотығы”! Өңірде осындай атаумен өрттің алдын алу мақсатында акция өтті. Шараға ТЖМ өкілдері, еріктілер мен студенттер қатысты. Олар жеке үйлерге барып, тұрғындарға ыстан келетін қауіп туралы түсіндірді, жаднамалар таратылды, электр техникаларды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шаралары бойынша кеңес берді. Пешті де пайдалану ережелерін баяндады. Сондай-ақ, көпбалалы отбасылар, зейнеткерлер, мүгедектер мен жалғызбасты адамдар тұратын үйлердің түтін мұржалары тазаланды. Бұл іске еріктілер қолұшын созды. Маңызды науқан өңірімізде жылыту кезеңі аяқталғанға дейін жалғасатын болады.

 

Мәдина Қаби