– Дебоширит? – Да, какой? Я – спал…- Заявление будете писать? – Да! Буду писать заявление. – На кухню можно пройти? – Да…
Отбасылық жанжал. Кезекті шақырту Жұмабаев көшесіндегі пәтерлердің бірінен келіп түсті. Әйел адамның айтуынша 62 жастағы күйеуінің аузы арақтан құрғамайды.
Ішсе болды айғай-шу шығарады. Ер адам полиция басқармасына жеткізілді. Оған қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-ші бабы бойынша хаттама толтырылып, 5 тәулікке қамауға алынды. Мұндай жаза облыста биыл 500-ге жуық адамға қатысты қолданылған.
АЙНАГҮЛ САУЫТБЕКОВА, СҚО ПД ЖПҚБ инспекторы:
– Отбасы тұрмыстық құқық бұзушылық саласында құқық бұзғандығы үшін 1874 азамат әкімішілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 487 азамат әкімшілік қамауға алынған, 279 азаматқа ескерту және 6 азаматқа айыппұл салынды.
Облыста жыл басынан бері жанжалқойларға қатысты 2 мыңнан астам іс қозғалған. 132 адам қорғау нұсқамасын бұзғаны үшін жауапқа тартылыпты.
Полиция қызметкерлері тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша “150” республикалық желісіне хабарласу қажеттігін айтты. Сондай-ақ, өңірде “111,102” сенім телефондары жұмыс істейді.
Мәдина Қаби