Спорт

Өңір кикбоксшылары әлем чемпионатында 2 күміс медаль иеленді

Өңір кикбоксингшылары Португалияда ерлер арасында өткен әлем чемпионатында күміс жүлде иеленді. Дода қарашаның 17-сі мен 25-і аралығында өтті. Онда әлемнің түкпір-түкпірінен 600-ге жуық спортшы бақ сынады. Қазақстан намысын 70 спортшы қорғаса, соның 3-еуі – солтүстікқазақстандықтар. Оның екеуі елге жүлдемен оралды. Данияр Жарасов 54 келі салмақ дәрежесінде 3 кездесу өткізіп, күміс алқа иеленді.

ДАНИЯР ЖАРАСОВ, кикбокстан әлем чемпионатының 2-ші орын иегері:

– 2 бойды ұттым. Финалда ирландиялық қарсыласымнан жеңіліп қалдым. Бірінші қарсыласым Кувейт болды. Оны 3:0 есебімен ұттым. Украиналықты да дәл осындай ұпаймен жеңдім. Жарыс өте жоғары дәрежеде өтті. Алғысымды өз бапкерлеріме айтқым келеді. Қолдап, көмектесіп отырды.

Екінші кикбоксер – Аслан Асылбеков. Ол да күміс алқа иегері. 57 келі салмақ дәрежесінде 4 кездесу өткізген. Финалда түркиялық спортшыған есе жіберіп алыпты. Жігіттердің биіктен көріну себебі – тынымсыз еңбек пен ерік-жігер. Бұған дейін Данияр Жарасов Венгрия елінде, ал Аслан Асылбек Түркияда өткен әлем чемпионатында жеңімпаз атанған. Жалпы, Португалияда спортшылар 12 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен.

ДАСТАН ҚАБДЕНОВ, жаттықтырушы:

– Осы әлем чемпионатында бізідің шәкірттеріміз – Данияр Жарасов пен Аслан Асылбеков күміс жүлдегер атанып үйге оралды. Бұл жарысқа біз жыл бойы дайындалдық. Шымкент пен Тараз қаласында оқу-жаттығу жиындарын өттік. Сондай-ақ, осы жылы ел чемпионатына қатыстық.

Қазақстанның кикбоксшылары әлем чемпионатында жалпыкомандалық есепте 9-шы орынға тұрақтады.

 

Гүлден Сембаева