Қалалық мектептердің біріне қаруланып келіп, 3 баланы жарақаттаған жасөпірімге қатысты үкім шықты. Оқушы ұл-қыздарға қастандық жасап, өлтіруге оқталғаны үшін кінәлі деп танылды. Ауданаралық соттың шешімімен 9-сынып оқушысы Давид Жакеладзе бірнеше жылға бас бостандығынан айырылды.
АБДИКАХХАР ЕРКЕБАЕВ, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы:
– Баланың психикалық ауытқуы жоқ және есепте тұрмағаны белгілі болды. ҚР Қылмыстық кодексінің 24-ші бабының 2-ші бөлігі және 99-шы бабы бойынша 6 жыл 9 айға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын кәмелетке толмағандарға арналған түзету колониясында өтейді.
Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ. Естеріңізге сала кетейік, атышулы оқиға биыл
13-ші ақпанда 4-ші орта мектепте болды. Бұл күні Давид Жакеладзе мектепке пышақ және балтамен кеп балаларға шабуыл жасаған болатын.
Гүлден Сембаева