Қоғам

Сепаратистерге қатысты сот үкімі шықты

«Қазақстанның тәуелсіздігін мойындамаймыз» деп елді шулатқан сепаратистерге қатысты сот үкімі шықты. Кеше өздерін «Жұмысшылардың халық кеңесі» деп атаған ұйым мүшелеріне қатысты сот отырысы өтті. Айыпталушылардың орнында үй ішінен үй тігуді көздеген белсенді топтың 4 мүшесі отыр. Олар: 48 жастағы автослесарь Вячеслав Зудерман, өзін-өзі жұмыспен қамтыған 40 жастағы әйел мен 52-дегі мұғалім және 37 жастағы сатушы. Олардың біреуі бұған дейін үй қамағында отырған. Сот үкіміне сәйкес ер адам 9 жылға, ал 3 нәзікжанды 7 жылға бас бостандықтарынан айырылды.

АЛМАС ЖҰМАҒАЗИН, қалалық соттың судьясы:

– Айыпталушылар ҚР Қылмыстық кодексінің 179-бабының 2-бөлігі – мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді насихаттау және 180-баптың 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды. Сондай-ақ, Вячеслав Зудерманның пәтерін тінту кезінде оқ-дәрі сақтағаны белгілі болды. Тапаншаға арналған патрон сақтағаны үшін айыпты деп танылды.

Кеңестің қалған мүшелері куәгерлер ретінде отырды. Негізі, ұйым қатарында 19 адам болған.

 

Гүлден Сембаева