Денсаулық сақтау

Әскери академияда шектеу шаралары енгізілді

Солтүстік Қазақстан облысында қызылша күннен-күнге күш алып барады. Жұқпалы инфекцияға байланысты Петропавлдағы әскери академияда шектеу шаралары енгізілді. Мұнда ауруға шалдыққандардың саны 26-ға жетіп отыр. Тағы 20 адам “күдіктілер” санатына енген. Оқу орны қабырғасында алғашқы жағдай қарашаның 12-ші жұлдызында тіркеліпті. Алдын ала болжам бойынша, індет оңтүстік өңірден әкелінген. Бұл жайлы БАҚ өкілдеріне медициналық қызмет бастығы Азамат Тоқтарбаев мәлімдеді.

АЗАМАТ ТОҚТАРБАЕВ, ҚР ҰҰ академиясының медициналық қызмет бастығы:

– Қазіргі таңда 22 әскери қызметкер қаламыздағы мекемелерде емделіп жатыр. 24 курсант жазылып шықты. Олар білім алуда. Академияда екпе егу науқаны басталды. Соңғы дерекпен бөліссем, 642 адам вакцина алды. Шектеу шараларын карантин деп түсінбеу керек. Бүгінде ішке бөгде адамдар сирек кіреді. Іс-шаралар ұйымдастырылмайды. Бәріміз бетперде тағып жүрміз. Тазалық шараларына басымдық берілген.

 

Байболат Құлтанов