Бұл – Петропавлда жуырда ашылған жылыжай. Аумағы 37 гектарға жуықтайды.
Соның 12-сіне қияр егілген. Голландиялық сорт 45 күнде өсіп-жетіледі. Сапалы өнім алу үшін мамандар күнұзаққа күтім жасайды. Көкөніске жарық таңғы 8-ден түнгі 12-ге дейін беріледі. Кейінгісі тынығу аралығы болып саналады. Яғни, қияр жарықтың белгілі бір көлемін алғаннан кейін қараңғыда жақсы өседі дейді мамандар.
БАҚЫТ МҰХАМЕДИЯ, «Зеленый Север» ЖШС қызметкері:
– Жаңа талаптарға сай салынған жылыжай болып табылады. Бұл жылыжайдың негізгі ерекшелігі – стильдік ортаны қалыптастырады. Өсімдіктер максималды өзінің өнімділігін шығарады. Менің негізгі мақсатым – көкөністердің тазалығын қамтамасыз ету. Суару жүйесі көкөністердің өзіне байланысты.
ГҮЛДЕН СЕМБАЕВА, тілші
Заманауи жылыжай тамшылатып суарумен, қосымша жарықтандыру жүйесімен жабдықталған. Сондай-ақ, мұндағы климатты басқаруға болады. Көкөністерге қажетті орташа температура +23, +24 градусты құрайды.
Мұнда алдағы уақытта қиярдың аумағы кеңейтіледі. Мұнда келешекте қызанақ пен салат жапырағы егілмек. Бірегей жылыжайдың жылдың қуаттылығы – 3 мың тонна.
«Зеленый Север» серіктестігінің директоры Екатерина Асаёноктың айтуынша жылыжайдан шыққан көкөніс көлемі өңірдегі сұраныстың 30 пайызын жабады.
ЕКАТЕРИНА АСАЁНОК, «Зеленый Север» ЖШС директоры:
– Жылыжайға салынған инвестицияның жалпы көлемі 7,2 млрд теңгені құрайды. Оның 1 жарым млрд-қа жуығы – өз қаражатымыз, 6 млрд-қа жуығын ӘКК арқылы алдық. Несие 4 пайыздық мөлшерлемемен 8 жылға рәсімделді. Нысан маңына инженерлік желілер мемлекеттік бюджет есебінен салынды.
Нысанда қазір 15 адам жұмыспен қамтылған. Алдағы уақытта жұмысшы саны 60-қа дейін жетеді.
Гүлден Сембаева