Қоғам

Өңір студенттері “WorldSkills Kazakhstan-2023” VIII республикалық чемпионатынан жүлдемен оралды

Өңір студенттері WorldSkills Kazakhstan-2023 VIII республикалық чемпионатында 2 алтын мен 1 күміс алқа иеленді. Ал 8 қатысушы “Үздік медальон” жеңіп алды. Дода қарашаның 23-і мен 25-і аралығында Астана қаласында өтті. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен 550-ге жуық студент пен 500-ден астам сарапшы қатысты.
Жастар кірпіш қалау, құрылыс және сылақ, сантехника және жылу жүйесі – барлығы 30 бағыт бойынша әзірлеген жұмыс пен кәсіби машықтарын паш еткен.
Жеңімпаздар келесі күзде Францияның Лион қаласында өтетін WorldSkills халықаралық чемпионатына барады. Сондай-ақ, кәсіби шеберлік чемпионатының жеңімпаздары еліміздің жетекші компанияларынан жұмысқа шақырту алып, білім гранттарына ие болды.

 

Гүлден Сембаева