Қоғам

СҚО-да ұсталған 50 есірткі жасырушының 3-еуі – кәмелетке толмағандар

«Көп күш жұмсамай-ақ мол табыс табуға болады», «Күніне екі сағаттық жұмыс үшін 40 000 теңге төлейміз». Әлеуметтік желідегі есірткі сатушылар әдетте осылай жазады.
Бұған көп жағдайда интернеттен бас алмайтын жас алданып қалып жатады.
Облыста жыл басынан бері есірткі өткізді деген күдікпен 50 адам ұсталған. Оның 40-қа жуығы – 25 жасқа дейінгілер, ал 3-еуі – кәмелет жасына толмағандар. “Қылмыскерлердің құрығына есірткіге тәуелді адамдар да жиі түседі. Олар бір доза үшін жұмыс істеуге дайын”,- дейді тәртіп сақшылары. Бұндай жұмыстың мерзімі әдетте 3-4 айға ғана созылады. Биыл есірткі өткізгені үшін 32 солтүстікқазақстандық сотталған.