ТЖ

Мағжан Жұмабаев ауданының тұрғыны өрттен қаза тапты

Өткен аптаның басы, яғни қарашаның 20-сынан бері облыста 47 оқыс оқиға болған. Осы демалыс күндері тіркелген жайттардың себебі де, салдары да әр түрлі. Дені – өрт. Сенбі күні қаладағы Шухов көшесінде қозғалтқышының зақымдануынан Ford Mondeo автокөлігінен от шықса, сол күні Горький көшесіндегі үйлердің бірінде газ плитасы жанған. Ал апта ортасында Мағжан Жұмабаев ауданындағы Пулеметовка ауылында бүтін бір үй өртеніп, 73-ші жылғы үй иесі қайтыс болды.