МТРА жаңалықтары

Демалыс күндері өңірде республикалық маңызы бар 3 тас жол жабылды

Сенбі мен жексенбі күндері қалың көктайғақ салдарынан республикалық маңызы бар жолдар жабылды. Олар: Екатеринбург-Алматы мен Жезқазған-Петропавл және Көкшетау-Рузаевка аралықтары. “Қазавтожол” кәсіпорны өкілдерінің мәліметінше, мамандар сенбі кешкі сағат 21:00-ден бастап жексенбінің таңына дейін тас жолдарды тазалаған. 130 текше метрге жуық құм-тұз қоспасы себілген. Қар тазалау жұмыстарына барлығы – 74 бірлік техника мен 105 адам жұмылдырылған. Ал облыс орталығын қардан аршуға 180-ге жуық арнайы техника мен 250 маман тартылыпты.

 

Гүлден Сембаева