Қоғам

Тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес

– Сколько конфеток? Сколько конфеток? – Две! – Две конфетки. Буква какая? – К!

Өңірде тұрмыстық зорлық-зомбылық азайса да әлі баршылық.
Қиын жағдайға тап болған жандар қаладағы арнайы орталықтан пана таба алады.
Орталықта әйелдер қажетті мамандық меңгеріп, жұмыс табады, психологиялық және заңгерлік көмек алады.

ТАТЬЯНА УСМАНОВА, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған орталықтың заңгері:

– Орталық 2017 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Мұнда жылына орта есеппен 70-тен астам қыз-келіншек келіп, пана табады. Қазір қыркүйек айынан бастап 25 адам тұрып жатыр. Орталық 20 адамға шақталған. Мұнда көп дегенде 6 ай тұруға болады.

Тайынша ауданының 36 жастағы тұрғынын қыстың басында күйеуі қысым көрсетіп, үйден қуып шыққан. Ол да екі баласын ертіп осында келген.

– Что я могу пожелать женщинам? Не бойтесь и не жалейте. Не бойтесь просто-напросто уйти и поставить точку. Я 10 лет уходила, возвращалась, уходила, возвращалась. Я обратилась в участковому, он мне помог. Да, пробовала писать заявления, но, опять-таки, по своей жалости постоянно его забирала.

Маскүнемдіктен емделіп шыққан 23 жастағы петропавлдыққа да учаскелік полиция инспекторы септескен. Тәртіп сақшысы оны мәжбүрлі емделуге жіберіпті. Ақыры жігіт ішімдікті ішуін доғарып, жұмыс тапқан. Тәртіп сақшылары қала тұрғынының үйіне «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы мен «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» акциясы аясында өткізген рейд барысында бас сұқты.
Келесі бір жағдайда әкесіне күн көрсетпеген баласын полицейлер оқшаулау бөлмесіне қамады. Сот шешімімен оған қатысты ерекше талаптар белгіленді. Ережені ескермесе қатаң жазаға тартылады.

Айнагүл САУЫТБЕКОВА, СҚО ПД ЖПҚБ инспекторы:

– СҚО аумағында 2023 жылдың 10 айында отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында жасалған қылмыстардың 23,3 пайызға төмендегені байқалады. Отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында 1874 құқық бұзушылық тіркелген. Оның тішінде 487 адам әкімшілік қамауға алынды, 279 адамға ескерту берілді, 6 адамға айыппұл салынды.