– Она вот, мама, неделю, две может не попить, а потом опять начинает. – Срывается, да?
Мына 8 жасар бала құзырлы орган өкілдеріне анасының орнына өзі жауап беріп жатыр. Шешесі мас, мастығы соншалық, сөйлеуге тілі келмейді. Үйде екі бала бар, үлкені – қызы кәмелет жасына толған. Араққа жақын әйел 40 жаста, күйеуімен ажырасқан, өзі ата-аналық міндетін дұрыс орындамағаны үшін бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Өңірде “Құқықтық тәртіп” жедел-алдын алу шарасы өтіп жатыр. Оның аясында арнайы мобильді топтар құрылған. Бірнеше сала өкілдерінен құралған топтар тұрмысы нашар отбасыларды аралап жүр.
СӘУЛЕ СҰРАҒАНОВА, СҚО бойынша балалар, отбасы және әйелдер құқықтары жөніндегі уәкіл:
– Рейд барысында мас күйде болған әйел анықталды. Қазір оның кәмелетке толмаған баласын басқа жерге орналастыру бойынша мәселе қаралып жатыр.
Облыста осындай 150-ге жуық отбасы есепте тұр. Оның 110-ы есепке биыл қойылған. Есепке алыну себебі: тұрмыс жағдайы нашар, ата-аналардың арақ ішуі жиі кездеседі дейді мамандар. Сондай-ақ, рейд барысында Петропавлдағы бірқатар мектеп тексеріліпті.
ҚАЙЫРБЕК БАЙМӨНКЕНОВ, қалалық ПБ жедел басқару орталығының бастығы:
– №10 орта мектептің білім беру нысанындағы балалардың қауіпсіздігі, яғни іс-шаралар өткізу кезінде дабыл түймелерінің болуы және жұмысқа жарамдылығы орталықтандырылған бақылау пультіне және жедел басқару орталығының сигнал өткізушісі және күзет ұйымының жедел әрекет ету топтарымен біріктіріліп, полиция күштерімен жасақтарының келу уақыттары тексерілді.
“Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасы қарашаның 30-ына дейін жалғасады.
Мәдина Қаби