ҰЭМ басышсы атап өткендей, кепілдендірілген трансферттің мөлшері екінші жыл бюджеттік қағидаларды қолдана отырып анықталуда. Бұл қағидалар Ұлттық қор қаражатының сақталуын қамтамасыз етуге және оның валюталық активтерін 2030 жылға қарай $100 млрд. дейін жеткізуге ықпал етеді.
-Мұнайдың кесімді бағасы 2024 жылы барреліне $43,4, 2025-2026 жылдары барреліне $40,2–$41,8 деңгейінде белгіленген. Осыны ескере отырып, Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферттің мөлшері 2023 жылы 2,2 трлн. теңгеден 2024-2026 жылдары жыл сайын 2 трлн. теңгеге дейін төмендеумен айқындалды, – деп хабарлады министр.
ҚР ҰЭМ деректері бойынша, жоспарлы кезеңде Ұлттық қордың валюталық активтері 2024 жылы $68 млрд. дейін қалпына келтіріліп, одан әрі 2025-2026 жылдары $80,7–$93,3 млрд. дейін өседі деп болжанады.