Ауа райы жайлы аз-кем ақпарат! “Қазгидромет” мамандарының мәліметінше, алдағы демалыс күндері облыстың басым бөлігінде қар күтіледі, бұрқасын болады және тұман түседі. Температура күндіз 0 мен минус 5-тің аралығында болса, түнде 15-20 градусқа дейін төмендейді. Желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ал келесі аптаның басы жылы болады деп болжанып отыр. Күннің құбылмалылығының кесірінен кейбір тас жолдар жабылуы мүмкін. Мамандар мұндай жағдайда тұрғындардан алыс жолға шықпауды сұрайды.
Гүлден Сембаева