1 желтоқсан – СПИД-ке қарсы Халықаралық күрес күні. Осыған орай қаладағы ЖИТС-тің алдын алу орталығының мамандары университет өкілдерімен бірлесіп профилактикалық шара өткізді. Олар жиында жастарға ғасыр дертінің алдын алу бойынша ақыл-кеңес берді.
МҰҚАҒАЛИ ШАМҰРАТ, облыстық ЖИТС-тің алдын алу және күрес жөніндегі
орталығының дәрігері:
– СПИД орталығымен және «Феникс» компаниясымен бірге студенттерге ашық сабақ жұмыстарын өткіздік. Бұл – СПИД-ке қарсы өтіп жатқан іс-шара. Бізде осындай бағдарламалар өте көп өтеді.
КӘМИЛА ЖАМҰҚАНОВА, М.Қозыбаев атындағы СҚУ психологиялық қызметінің маманы:
– ЖИТС ауруымен күресу және соған байланысты антиспидорталығы көптеген акциялар өткізуде. Біздің психологиялық қызмет, ең алдымен студенттердің психикалық және физикалық денсаулығын қорғау барысында осындай іс-шараларды жылда өткізуде.
Іс-шара ойын түрінде өтті. Осылайша, маңызды ақапаратты қабылдау әлдеқайда жеңіл дейді мамандар. Студенттер 2 топқа бөлінді. Олар АИВ және ЖИТС туралы не біледі одан қалай қорғанады? Сұрақққа дұрыс жауап бергендерге сыйлық берілді.
Мәдина Қаби