Б.Әшімов атындағы машина жасау және көлік колледжінде университет психологтары жастармен кездесу өткізді. Әңгіме жасөспірімдердің мінез-құлқының құбылуы турасында өрбіді. Бала тұйық болса әрі ішін тырнаған ішкі сырын ешкімге айта алмаса, соның салдары неге әкеліп соқтыруы мүмкін? Бұнымен қалай жұмыс істеу керек?
Баланың ішкі жан-дүниесін білу, қолдау білдіру – оқу орнындағы психологтардың ғана емес, үйдегі ата-ананың да парызы дейді мамандар.
КӘМИЛА ЖАМҰҚАНОВА, М.Қозыбаев атындағы СҚУ психологиялық қызметінің маманы:
– Балалар мен жасөспірімдер арасында аутодеструктивті мінез-құлықтың ауытқуын алдын алу барысында кешенді іс-шара ұйымдастырылуда. Бұл іс-шараның мақсаты – өмірдің маңыздылығын түсіндіру, болашақта өмірден өз орнын табуға бағытталған.
Мәдина Қаби