ТКШ

Облыста 16 ауыл жарықсыз отыр

Облыстағы кейбір ауылдарда әлі жарық жоқ. Қазіргі уақытта Аққайың, М.Жұмабаев және Есіл аудандарында желілерді жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Іске 41 энергетик маман мен 55 арнайы техника жұмылдырылған. Бұл туралы “Севказэнергоның” әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды. Әзірге, 16 елді мекен жарықсыз отыр. Мамандар қазір жұмыстың ең күрделі бөлігін атқаруда. Олар “Булаев-Нефть” желісінің тіректерін орнатуда.

 

Гүлден Сембаева