Құқық қорғау органдары

«Hi-Tech» жедел-профилактикалық іс-шарасы

Облыста 2 күн ішінде 14 интернет-алаяқтық ашылды, оның 5-еуі бұрын жасалған.
Сондай-ақ, әлеуметтік желіде алаяқтық белгілері бар 45 хабарландыру анықталды. Оларды бұғаттау бойынша шаралар қабылдануда. Полиция қызметкерлері өңірде «Hi-Tech» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізіп жатыр. Жұмыс интернет-алаяқтықпен күреске бағытталған.

ҚҰМАРБЕК ЖОЛАМАН, СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі:

– Іс-шараны өткізу кезінде криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері тұрғындарға алдаудың негізгі схемаларын түсіндіруде. Сондай-ақ, танымал интернет алаңдарында жұмыс іздеу кезінде де абай болған жөн.

Бірінші кезекте мамандар қарт адамдарға көңіл бөлуде. Себебі, көп жағдайда зейнеткерлер “банктенбіз деп” соғылған жалған қоңырауларға сеніп қалып жатады.
Содан шотындағы әжептәуір ақшаны қуларға аударып жібереді.

– Спасибо вам большое! – Знаете, всё правдоподобно очень звучит, и мы стараемся людей постоянно информировать. – Действуют на слабые наши чувства.

Тәртіп сақшылары бейтаныс адам қоңырау соғып, несие жайлы әңгіме қозғаса бірден телефон тұтқасын қою қажет дейді. Содан кейін полиция қызметкерлеріне немесе банктің өзіне қоңырау соғып, мәліметтің дұрыстығына көз жеткізу керек.

 

Гүлден Сембаева