Петропавлда баланы қағып кеткен жүргізуші екі күннен кейін табылды.
Қарашаның 8-інде Васильев көшесінде жолды белгіленбеген жерден өтіп бара жатқан 4-ші сынып оқушысын біреу соғып өткен. Жүргізуші оқиға орнынан тайып тұрған.
Балаға медициналық көмек көрсетілді. Баланы соғып өткен адам ұсталды. Ол – 33 жастағы қала тұрғыны болып шықты. «Toyota» автокөлігін тізгіндеген ер адамға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 61-бабы 2-бөлігі бойынша іс жүргізілуде.