Петропавлда 1-ші курс студенті университет қызметкерін осылай айғайдың астына алды. Жағаұстатарлық видео кеше әлеуметтік желіде желдей есті. Жан ұшыра айқайлап жатқан жас 18-де, алдында тұрған – киімжай қызметкері. Ашуға берілген студент айғайлап қана қоймай, одан қашқақтаған әйелдің соңына түсіп, ғайбат сөздер айтқан. Оған қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 434-ші бабы – “Ұсақ бұзақылық” бойынша әкімшілік материал жиналды. Университеттің баспасөз-қызметінің хабарлауынша аталған жайтқа қатысты материал тәртіптік комиссияға жолданған. Нәтижесі алдағы уақытта жария етіледі.