Оқиға кеше Сейфуллин көшесіндегі үйдің ауласында болған. Полиция қызметкерлері
20 және 17 жастағы үш петропавлдықты ұстады. Үшеуі зардап шеккен адаммен жанжалдасып қалған. Ер адам ауруханада жатыр, оның жамбас тұсына зақым келген. Жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр. Аталған факті ҚР ҚК 293-бабының 3-бөлігі – “Бұзақылық” бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді.
ЮРИЙ КЛЫКОВ, СҚО ПД баспасөз қызметінің қызметкері:
– Ер адамға 17 жастағы жасөспірімнің пышақ салғаны анықталды. Ол бұрын түрлі құқық бұзушылық жасағаны үшін бірнеше рет қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Қазіргі уақытта ұсталғандарға қатысты бұлтартпау шарасын қолдану қарастырылып жатыр.