Облыстық балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығында ерекше шара өтіп жатыр. Ерекшелігі – мұнда өнер мұғалімдері бас қосып, өзара тәжірибе алмасуда.
Бағыт – 7-еу. Негізгілері: вокал, домбыра, бейнелеу өнері және би.
«Өнерліге есік ашық» демекші балалардың кішкентай кезінен өнерге бейім болғаны дұрыс дейді педагогтер. Бескөлдегі “Мерей” өнер мектебінен келіп отырған 1-ші сынып оқушысы Нұрислам Тілегеннің домбыраға ден қойғанына – 3-ақ ай. Десе де өнерлі жас ертең домбыраның құлағында ойнайды.
Нұрисламның оқытушысы – Берік Жанатов. Білікті маман әріптестерімен баланың өнерге баулу жолындағы жетістіктерімен бөлісті.
БЕРІК ЖАНАТОВ, “Мерей” өнер мектебінің оқытушысы, Қызылжар ауданы:
– Әріптестеріммен өзімнің оқыту жұмысым мен іс-тәжірибеммен бөлісіп, ашық тәрбие сағатын көрсеттім. Әріптестерім өздерінің ой-пікірлерімен бөлісті, біраз мағлұмат алдық деген үміттемін. Осындай семинарлар жиі болып тұрса жақсы болар еді.
САЯН ЕРМЕК, облыстық балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығының бөлім меңгерушісі:
– Бұл семинар-практикумның негізгі мақсаты – қосымша білім беру педагогтарының бір-бірімен тәжірибе алмасып, сабақ берудің жаңа әдіс-тәсілдері мен технологияларды бөлісіп, тәжірибе алмасу.
Боранды күнге қарамастан семинар-праткикумға біраз мұғалім келген.
Арасында алыс 2 ауданның ғана оқытушылары жоқ. Барлығы – 60-қа жуық маман.
Олар – өнер мектебі ғана емес, колледж-орталықтардан да келіп отыр.
Тәжірибе алмасу шарасы бүгін оффлайн өтсе, ертең онлайн түрде ұйымдастырылады.
Сонымен семинар-практикум тәмам. Соңында қатысушыларға сертификат табыс етіледі.
Мадина Каби