Білім

М.Қозыбаев атындағы СҚУ-ға Қазақстанда баламасы жоқ жабдық жеткізілді

Бұл – заманауи өндірістік 3D принтер. Ол қалай жұмыс істейді, не үшін қажет, несімен тиімді? Оның бәрін университет өкілдеріне білікті маман Егор Дрягин түсіндіріп берді.

ЕГОР ДРЯГИН, компания өкілі:

– HBD 350 өнеркәсіптік 3D принтері авиация, ғарыш, машина жасау, мұнай-газ өнеркәсібі, медицина, металлургия және өзге де салаға қажет бұйым жасауға мүмкіндік береді. Ерекшелігі – бұйымды алюминий сияқты реактивті металл ұнтағымен басып шығарады. Бұл – жай ғана 3D металл принтер емес, ол көпқұрамды жүйе болып саналады. Құрылғының ұзақ уақыт бойы қызмет атқаруыына ықпал ететін салқындату жүйесі қойылған.

Жаңа жабдықты студенттер сабақ барысында пайдалана алады. Жоғару оқу ордасына барлығы – осындай үш принтер сатып алынған.

МАКСИМ РАХМАТУЛИН, М.Қозыбаев атындағы СҚУ аға оқытушысы:

– Бұл зертханада машина жасау кафедрасы мен инженерлік және цифрлық технологиялар факультеті энергетика және радиотехника кафедрасының студенттері оқиды. Жастар жабдықты модельдеу барысында дайын бөлшек алу үшін пайдаланады.

Айта кетейік, 3D принтерде жұмыс істеуді үйрену үшін университет мамандары бір апталық оқытудан өтіпті. Нәтижесінде олар сертификаттаудан және емтихандық тестілеуден сәтті өтті.